Спорт

Белгілі қазақ чемпионы 31 жасында қаза тапты

Белгілі қазақ чемпионы 31 жасында қаза тапты

Сурдо жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Фархад Қыстаубаев – 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында он сайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болған еді.

Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасында хабарлады.

«Фархад Қыстаубаевтың қазасы - еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері ретінде ел намысын абыроймен қорғады», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалық