Шоу-бизнес

«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың әнші Олжас Абаймен бірге сахнада өнер көрсеткен видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Оzgeris.info ақпарат порталы.

 

Желіде тараған бейнежазба олардың жаңа «Сен керексің» атты әніне түсірілген бейнебаяннан алынған. Кадрлардан Дариға Бадықованың тың образы байқалып, көпшілік оның сырт келбетіне ерекше назар аударған.

 

Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі актрисаның бейнесіне қарап, түрлі болжамдар айта бастады. Атап айтқанда, кейбір оқырмандар оның аяғы ауыр болуы мүмкін екенін алға тартқан.Пікір қалдырғандар арасында:

 

-«Дариғаның аяғы ауыр сияқты ма?»,«Аяғы ауыр екені көрініп тұр ғой»,«Қуанып тұрмын»,«Сүйген адамынан балалы болу – үлкен бақыт»,«Рас болса, аман-есен бауырына бассын»,- деген тілектер жиі кездеседі.

 

Алайда тараған қауесеттерге қатысты Дариға Бадықова әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан желідегі пікірлер нақты ақпаратпен расталмаған.

 

Барлық жаңалық