Әнші Сәкен Майғазиев актер Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып саламын деп сынға қалды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.
Желі қолданушылары әншіні жерлеу рәсіміне мобилографпен барды деп айыптады.
"Сәкен Майғазиевті “Жерлеуге мобилографпен келіп барлығын видеоға түсіріп желіге салды” деп жамандап жазып жатыр. Меніңше жамандаудың керегі жоқ, ол кісінің мәдениеті өскен, бұрын ұлының тойын ақылы көрсеткен болса, бұл жолы (мүмкін туысы болмағандықтан шығар) желіге тегін жүктепті…", - деп жазды Threads қолданушысы.
Осы тұста Майғазиевтің бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір жазылды.
"Кейінгі кезде Сәкенің өзіне көп алып жүр , көп асаймын деп боқ асамасын", "Сәкен мақтаншақ қой", "Ол да бір тарих қой. Онда тұрған не бар? Әшейін біреудің өлімі емес, тарихи тұлға", "Қаралы күн болса, ол да бір тарих қой. Қайтып қайталанбайтын. Беталды Сәкенді жамандап, қағытып-соғытудың қажеті жоқ. Сәкендей -ақ болып алыңдар!", деді пікір иелері.
Айта кетейік, танымал әнші Асанәлі Әшімовке қатысты жеке парақшасына бес пост жариялаған.