Белгілі әнші Гүлмира Ізбасханова 30-дан асқан шағында тұсауын кестіріп, көпшіліктің назарын аударды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқылануда деп жазады Оzgeris.info.
Халық арасында «адам өмірде жиі сүрініп, жолы болмай жүрсе, кішкентай кезінде тұсауы дұрыс кесілмеген» деген ырым бар. Әншінің де осы нанымға байланысты тұсау кесу рәсімін қайтадан жасатуға бел буғаны байқалады.
Желі қолданушылары бұл қадамды әртүрлі қабылдап, бірі қолдау білдірсе, енді бірі өз пікірлерін жарыса жазып жатыр.