Шоу-бизнес

“Тұрсынбек арбаға таңылды, ауру” - Қабатовтың тоқалы

“Тұрсынбек арбаға таңылды, ауру” - Қабатовтың тоқалы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман қасиетті Мекке қаласында түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жарияланған видеода Айман Қағбаны айналып жүріп, арбаға таңылған ер адамды сүйреп келе жатқан сәті көрінеді. Осы кадрлардан кейін желі қолданушылары арбадағы адамның Тұрсынбек Қабатов болуы мүмкін деген болжам айта бастады.

Тараған пікірлерге қатысты Айман үн қатып, әлеуметтік желідегі қауесеттерге жауап берді.

«Құрсын адамдар, не болып кеткен? Қарапайым видеоны бұрмалап, арбаға таңылды, ауру деп шығарып жатыр. Субханаллаһ! Осы фотосуретті қалайша бұлайша қабылдауға болады?» – деп жазды ол.

Барлық жаңалық