Шымкентте туған анасы өз балаларын үтікпен ұрып-соғып, сіріңкемен күйдірген.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Балалардың туған-туыстарының айтуынша, 12 жастағы ер бала мен 9 жастағы қыз бала бірнеше күн бойы азапталып келген. Балалардың әжесінің сөзінше, анасы оларды үтікпен, темір заттармен, үтіктің шнурымен соғып, тіпті сіріңкемен күйдірген.
Сонымен қатар ол балаларды «Қошқар ата» суына сүңгітіп, үйге қайтып оралған соң азаптауды қайта жалғастырған. Қыз баланың шашы тақырлап алынып тасталғаны да белгілі болды. Үйдегі кіші балаларға анасы тиіспеген.
Балалардың жаға ұстатарлық жағдайын алғаш рет мектеп мұғалімдері байқаған. Себебі олар қысқы каникулдан кейін мектепке бармаған.
Қазіргі таңда аталған жағдаймен тиісті органдар айналысып жатқаны белгілі болды.