Жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сүйінші хабар шықты

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сүйінші хабар шықты

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Адвокаттың айтуынша, аталған іс бойынша қоғамда түрлі әңгіме тарап, тікелей эфирлерде де, журналистер тарапынан да көп сұрақ қойылған.

“Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша көп азаматтар алаңдаушылық білдіріп, тікелей эфирде және басқа да жерлерде, одан қалса журналистер де сұрап жүргендіктен және бұл іске қатысты өсек-аяңды тоқтату үшін осы ақпаратты жариялап отырмын”, – деді адвокат.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, осы уақытқа дейін іске қатысты түсініктеме берілмеген, себебі тергеу жалғасып жатқан.

“Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де осы аралықта атқарылған жұмыстардың арқасында бұл нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын”, – деді ол.

Адвокат Қаржаубайдың айналасында оған қарсы адамдар болғанын да жасырмады.

“Қаржаубайдың кейбір жаулары үнсіздігімізді оны міндетті түрде сотталады деп балап, бақылап жүрді. Отбасын қаралап, түрлі ақпарат таратқан адамдар да болды. Кейбірі мұны тікелей эфирлерде айтып жүрді”, – деді Шекеев.

Алайда бұл істе жәбірленуші тарап болған полиция қызметкерлері адамгершілік танытқан.

“Сол кездегі жәбірленуші болған полиция қызметкерлерінің адамгершілігі биік болды. Сондай-ақ құқық қорғау органдары істі объективті қарады. Соның нәтижесінде Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес тоқтатылды”, – деп жазды адвокат.

Барлық жаңалық