Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында түсірілген видео кеңінен тарады деп жазады Оzgeris.info.
Кадрлардан төртінші сынып оқушылары бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Жақсылыққызын қарлы күні шанамен үйіне дейін сүйреп апарып жатқанын көруге болады.
Қатты жауған қарға қарамастан, балалар ұстаздарын жалғыз қалдырмай, қолдарынан келген көмегін көрсеткен. Оқушылардың бұл қарапайым, бірақ шынайы әрекеті көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары тарапынан жылы пікірлерге ие болды.
Көрініс мейірім мен тәрбиенің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің айқын үлгісі. Осындай саналы, жанашыр ұрпақтың өсіп келе жатқаны көпшілікке үміт сыйлады.