Шымкентте мектеп оқушысы Диана Оңғарбаева қаза тапқан қанды оқиғадан кейін оның анасы Қарлығаш Оңғарбаева алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол 16 жасар күдіктінің алған жазасын «жеңіл» деп бағалап, тергеу мен сот жұмыстарының әділетсіз өткенін айтты деп жазады Оzgeris.info сайты Аlash.kz сайтына сілтемемен.
Марқұмның анасы оқиғаның егжей-тегжейін бөлісіп, қызына бірнеше жерден пышақ сұққанын, мәйітінде зорлық белгілері болғанын, бірақ қылмыстық іс барысында бұл деректердің ескерілмегенін жеткізді. Ол сондай-ақ прокуратура, сот және күдіктінің адвокатының әрекетін сынға алды.
Қарлығаш Оңғарбаева оқиғаның болған жері туралы да тың мәлімет берді. Күдікті жасөспірім өз үйінде емес, бөтен адамның үйінде жұмыс істеп жүрген кезде қылмыс жасаған. Анасымен бірге отбасы полиция іздеуді кешіктірді деп шағымданды:
«Біз барған кезде камера жоқ деп айтқан. Кейін барып қарасақ, камера бар екен. Сол 10 күнде іздемеген ғой…», – деді ол.
Марқұмның денесіне келтірілген жарақаттарды да анасы айтып берді:
«Мәйітті жұмыс істеген жерге апарып, пакетке салған. Екі көзі кіріп кеткен, басы жабысқан, желке, бүйрек, қолы мен аяғына пышақ сұққан. Көп нәрсені жасырған», – дейді Қарлығаш Оңғарбаева.
Оқиға бойынша әлі де қоғамда тергеу әділеттілігіне қатысты сұрақтар туындап отыр, ал марқұмның отбасы әділ шешім талап етуде.