Шоу-бизнес

"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)

"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Продюсердің анасының абысыны дүниеден өткен. Жеті күндік асына арнайы барған ол естеліктерімен бөлісті.

"Бұл менің бұрындары ауылға келгенімде инстама салып жүрген Күлше апам. Алдыңғы бір келгенімде шапанын жауып, ақ орамалын тағып, ақшалай сыйлығымды беріп, маңдайымнан қысып, құшақтап анамды көргендей бетімнен сүйіп, батасын алып кетіп едім, анамыз бақытты болды. 1 ғасыр өмір сүрді. Анашымның абысыны ғой, үйіміз қарсы үйде тұратын, сіздің үй, біздің үй болып бөлінбеуші едік. Жаныңыз жәннатта болсын, Күлше апа!

Бір жағымда Баян әпкем, бір жағымда 1 жас үлкен тай құлындай тебісіп өскен Жанат әпкем, сол кісінің қыздары, төменде отырған Нуриза жеңгеміз, келіні. Күлше апам, 1 ғасыр өмір сүрді. Сонда да қимастық, апамыз балалық шағымыздың, ата-анамыздың елесіндей еді, көрген сайын анамызбен сол бауырдай самаурынның шайын шүйіркелесіп ішіп отырғандары елестейтін. Бүгін 7 күндік асын беріп, қонақтарды шығарып салып, жақындары жиналып отырып, анамызды еске алып отырған сәтіміз.

 Ғаршандағы Күлше апамыздың 1 ғасыр өмірін берсін! Төберек деп өзінің тағып жүрген қазақы ою түскен күміс білезігін, иісі сіңген екі орамалын, кеудеше нүмшесін, 3 келініне 3 кеудеше нүмшесін келіні маған сыйлады", - деп жазды Гүлзира ханым.

Барлық жаңалық