Шоу-бизнес

Әдемі Тұрсынбекқызының анасына деген мейірімі желі қолданушыларын тәнті етті (ВИДЕО)

Әдемі Тұрсынбекқызының анасына деген мейірімі желі қолданушыларын тәнті етті (ВИДЕО)

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанованың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасымен көпшіліктің ықыласына бөленді деп жазады Оzgeris.info.

 

Видеода Әдемі анасын құшақтап, бірге камераға түседі. Қарапайым, бірақ шынайы сәттерге толы бейнежазба көптің көңілінен шықты. Жазбаның астына ол «Мама» деп жүрекше белгісімен қысқа да әсерлі жазба қалдырған.

 

Желі қолданушылары бұл көріністі ерекше ықыласпен қабылдап, пікірлерін аямады. Көпшілік:

 

-«Ананың орны бөлек», «Мамасына қатты ұқсайды, өте әдемі қыз», «Мөлдір, балаларыңызды керемет тәрбиелепсіз»,- деген жылы лебіздерін білдірген.

 

Барлық жаңалық