Жаңалықтар

"Істі тоқтату үшін 8 млн сұрады": Интим видеосы тараған асабаның тағы бір былығы ашылды (ВИДЕО)

"Істі тоқтату үшін 8 млн сұрады": Интим видеосы тараған асабаның тағы бір былығы ашылды (ВИДЕО)

Желіде “Хан” лақап атымен танымал ақтаулық блогерге қатысты интим видеоны тарату ісі әлі де қаралып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Іс бойынша күдікті ретінде аталған кәмелетке толмаған мобилографтың анасы ұлының еш кінәсі жоқ екенін айтып, керісінше оған қысым жасалғанын мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, 16 жастағы жасөспірім асабаның түсірілімінде небәрі бірнеше күн ғана жұмыс істеген және еңбекақысын да алмаған. Сондай-ақ оған уәде етілген такси шақырылмай, үйіне өз күшімен қайтуға мәжбүр болғанын жеткізді.

Анасының сөзінше, даулы видеоны ешкім ұрламаған — жазбаны телефон иесінің өзі байқамай жіберіп қойған. Сонымен қатар, істі тоқтату үшін олардан 8 миллион теңге талап етілгенін, әрі көпшілік алдында кешірім сұрау шарты қойылғанын айтты.

Ол өз кезегінде мұндай талаптармен келіспейтінін жеткізіп, әркім өз жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне өзі жауап беруі тиіс екенін атап өтті.

Жасөспірімнің анасы бұл жағдай отбасы үшін ауыр тигенін де жасырмады. Оның айтуынша, күйзелістің салдарынан жүктіліктің соңғы кезеңінде баласынан айырылған.

Қазіргі таңда іс сотқа жолданған. 11-сынып оқушысы ҰБТ-ға дайындалып жүр. Отбасы бұл жағдай оның болашағына кері әсер ете ме деп алаңдаулы. Сонымен қатар, әйел полиция бөлімінде өздерін видеоға түсірмеуді сұрағандарын, алайда кейін бұл жазбаның желіге тарап кеткенін айтып, наразылық білдірді.

Барлық жаңалық