Шоу-бизнес

«Өзімшіл, жасандылық көп»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа пәтерін көрсетемін деп сынға ұшырады

«Өзімшіл, жасандылық көп»: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа пәтерін көрсетемін деп сынға ұшырады

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова елордадағы жаңа баспанасын көпшілікке таныстырды. Жұлдызды жұп бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып, құрылыс пен жөндеу кезеңіндегі қызықты жайттармен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актрисаның сөзінше, соңғы бір жыл оның өмірінде үлкен өзгерістерге толы болған. Осы аралықта тұңғышы шетелде білім алуға аттанып, жаңа пәтерінің жөндеуі аяқталып, өзі бесінші сәбиін дүниеге әкелген.

“Бұл үйде тұрып жатқанымызға үш ай болды. Жөндеу толық бітпей жатып көшіп келдік. Төрт жыл пәтер жалдап тұрғаннан кейін өз үйіңе көшу ерекше сезім сыйлайды”, – деді ол.

Жұлдыз Әбдукәрімова бастапқыда жүктілігіне байланысты жөндеу жұмыстарын тез аяқтау үшін кей шешімдерге жеңіл қарағанын айтты. Алайда кейін олар өзіне ұнамай, қайта өзгертуге тура келген.

Жаңа үйдің төбесі 3,3 метр, ал есіктерінің биіктігі үш метрге жуық. Есіктер арнайы тапсырыспен жасалған, ал қабырғалар ашық түстерге боялған. Үйдің кіреберісінде көз тартатын картина мен маусымға қарай ауыстырылып отыратын гүлдер қойылған.

“Әр айдың өз гүлі болғанын қалаймын. Мысалы, сәуірде бір гүл болса, мамырда оны басқасы алмастырады”, – деді ол.

Сонымен қатар үйдің барлық бөлмесіне бейнебақылау камералары орнатылған. Актрисаның айтуынша, бұл жүйе гастроль кезінде кенже қызына қарайтын күтушіні бақылау үшін қажет.

Екі сағатқа созылған сұхбат барысында отбасының тұрмысы ғана емес, жеке өміріне қатысты да ашық әңгіме өрбіді. Алайда желі қолданушылары актрисаның кей әрекеттерін сынға алып, түрлі пікір қалдырған.

“Сұхбатты аяғына дейін көре алмадым. Жұлдыз қатты өзгерген және кері өзгерген екен. Ешқандай қарапайымдықты байқай алмадым. Қайратқа сөз бермей, тек өзім деумен болды”, “Мен Жұлдызды о бастан-ақ қарамаймын, жасандылық көп, қарапайымдық жоқ”, “Тіпті, Баянның өзі қарапайым болған шығар. Боянып, ұйқыдан тұрғаннан кейін киетін киім киіп алыпты”, “Жұлдыздың әрекеті ашу тудырады. Өзін ақылды етіп көрсеткісі келеді, бірақ шын мәнінде ондай емес”, – деп жазды олар.

Кейбірі Жұлдыздың өзгергенін айтып, қарапайымдылық жетіспейтінін жазса, енді бірі оның өзін көрсету мәнерін сынға алды.

Барлық жаңалық