Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген ұлы ақынмен қоштасу рәсімінде төбе көрсетті (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген ұлы ақынмен қоштасу рәсімінде төбе көрсетті (ВИДЕО)

Алматыда қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу жиыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары мен қарапайым халық жиналды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 83 жасында дүниеден өтті. Оның өмірі мен шығармашылығы қазақ руханиятымен тығыз байланысты болды.  

Қаралы жиында елге танымал өнер жұлдыздары да бой көрсетті. Солардың қатарында Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас бар. Екі әнші де ақынның рухына тағзым етіп, оның жақындарына көңіл айтты.

Димаш Құдайберген – әлемдік деңгейде танылған, ерекше даусымен халықаралық сахналарды бағындырған өнер иесі. Ол әрдайым ұлттық құндылықтарды насихаттап, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді.  

Ал Қайрат Нұртас – халық арасында кеңінен танылған эстрада жұлдызы, отандық шоу-бизнес көшбасшыларының бірі саналады. Оның әндері ел ішінде үлкен сұранысқа ие.  

Қоштасу рәсімінде ақынның шығармашылығы мен ел үшін атқарған еңбегі ерекше атап өтіліп, оның қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойындағы орнына жоғары баға берілді. Жиналған жұрт Мұхтар Шахановты ұзақ қол соғып, құрметпен шығарып салды.

Барлық жаңалық