Жаңалықтар

Теміртауда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 4 дам зардап шекті (ВИДЕО)

Теміртауда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 4 дам зардап шекті (ВИДЕО)

Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Оқиға сәтінің видеолары әлеуметтік желілер мен жергілікті пабликтерде таралып, көпшіліктің назарын аударды.

Қарағанды облысы полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 23 сәуір күні таңғы сағат 08:40 шамасында Абай, Металлург және Республика даңғылдарының қиылысында болған.

Алдын ала дерек бойынша, 45 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, бағдаршам бағанына соғылған. Сол сәтте автобуста 20 жолаушы болған. Олардың төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 
 
Барлық жаңалық