Шоу-бизнес

"Күйеуімнің басына барып жиі жылаймын": Роза Рымбаева жан сырын ақтарды

"Күйеуімнің басына барып жиі жылаймын": Роза Рымбаева жан сырын ақтарды

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жұбайын сағынатынын айтып, сезімін жасырмады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі сұхбат барысында "Соңғы рет қашан жыладыңыз?" деген сұраққа шынайы жауап беріп, жиі жылайтынын айтты.

Әншінің сөзінше, ол сахнада образға кіріп те, марқұм жұбайын еске алып та көз жасына ерік береді.

«Мен өте жиі жылаймын. Сахнада образға кіріп те жылаймын, күйеуімнің басына барып та жылап аламын», – деді Роза Рымбаева.

Сонымен қатар, әнші өмірлік серігінің өз өміріндегі орны ерекше екенін жеткізді. Оның айтуынша, марқұм жарының қолдауы болмағанда бүгінгі жетістікке жетуі екіталай еді.

«Жан-жарымсыз бүгін Роза Рымбаева болып тұрар ма едім? Қалай сағынбаймын? Оның деңгейіне жеткен, сол сияқты дәрежесі жоғары адамды мен кездестірмедім, іздемедім де. Күйеуімді ешкім алмастыра алмайды. Ол мәңгі жүрегімде», – деді өнер иесі.

Барлық жаңалық