Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ағасы Бақытжан Байжанов бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, сот бұған дейін Байжановқа рақымшылық туралы заңды қолданып, өтелмеген жаза мерзімін үштен біріне қысқартқан. Бастапқыда ол 2026 жылдың қараша айында босатылуы тиіс болған. Алайда Степногорск қалалық сотының жаңа қаулысына сәйкес, ол бүгін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өлімін жасырып қалды деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.