Жаңалықтар

Құлсарыдағы құтқару: Балалар анасын өлім аузынан қалай алып қалды? (ВИДЕО)

Құлсарыдағы құтқару: Балалар анасын өлім аузынан қалай алып қалды? (ВИДЕО)

Құлсары қаласында 22 сәуір күні үлкен трагедияның алдын алу мүмкін болды. Үйіне кіре алмай қалған балалар дер кезінде полицияға хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жағдайдың күрделі екенін бірден аңғарды деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Пәтер есігінің алдында өткір газ иісі сезілгеннен кейін, полицейлер уақыт жоғалтпай есікті бұзып кіру туралы шешім қабылдады. Үй ішіне кіргенде олар ес-түссіз жатқан әйелді тапты. Полицейлер зардап шегушіні дереу сыртқа шығарып, қызметтік көлікпен жедел түрде ауруханаға жеткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ас үйдегі газ плитасының конфоркалары ашық қалып қойған. Бұл пәтер ішіне газдың көп мөлшерде таралуына әкеп соққан. Полиция қызметкерлері зардап шегушіні құтқарып қана қоймай, апаттық газ қызметін шақырып, жарылыс қаупін де сейілтті.

Қазіргі уақытта әйел адам дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құлсарылық полицейлердің бұл әрекеті халықтың зор ризашылығына бөленді. 

Барлық жаңалық