Жаңалықтар

«Қазақмыс» жұмысшылары үшін 90 жаңа автобус: Автопаркті жаңартудың алғашқы кезеңі аяқталды

«Қазақмыс» жұмысшылары үшін 90 жаңа автобус: Автопаркті жаңартудың алғашқы кезеңі аяқталды

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік бөлімше жұмыскерлерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңартуды бастады. Автопаркті жаңғырту бағдарламасының бірінші кезеңі аясында компанияның серіктесі – «Tranco Express» ЖШС 90 жаңа автобус сатып алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жаңадан алынған техниканың құрамында:

  • 40 бірлік – Yutong маркалы заманауи үлкен автобустар;

  • 50 бірлік – ПАЗ маркалы шағын автобустар бар.

Бұл заманауи көліктер тозығы жеткен ескі автобустардың орнын басып, жұмысшыларды өндіріс алаңдарына жеткізудің сапасын айтарлықтай жақсартады. Жаңа техника қазірдің өзінде Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы өңірлер мен компанияның кәсіпорындары арасында бөлініп, қолданысқа беріліп жатыр.

Корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл тек бастама ғана. Алдағы уақытта компания жұмыс істейтін барлық өңірде жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңарту жалғасады. Бағдарламаның түпкі мақсаты – жұмыскерлерді тасымалдауға арналған автобус паркін 100% жаңарту.

Бұл жоба тек техникалық жаңғырту емес, сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық инвестиция болып табылады. Жаңа автобустар қазірдің өзінде корпоративтік көлік жүйесінің тиімділігін арттырып, жұмыскерлердің жолға кететін уақытын жайлы өткізуіне септігін тигізуде.

Барлық жаңалық