Спорт

"Жәнібек ақ!": Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады

"Жәнібек ақ!": Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады.
 
"Жәнібек ақ! Тиым салынған ешқандай зат қолданбайды! Допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмысын атқаруда! Жәнібек те, мен де ештеңе істей алмаймыз, біздікі тек күту!", - деп жазды Берік Сұлтан желідегі парақшасында.
Оның айтуынша бокстан барынша аз уақытқа шеттету бойынша жұмыс атқарылып жатыр.
 
"Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді. Бұдан да өтеміз!", - деп толықтырды Әлімханұлының менеджері.
Айта кетері, кеше бірқатар БАҚ Жәнібек Әлімханұлының В сынамасынан да допинг анықталғанын жазған болатын. Бұл туралы Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков хабарлаған.
Барлық жаңалық