Жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны екі өгей қызына зорлық көрсеткені үшін ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны екі өгей қызына зорлық көрсеткені үшін ұсталды

Түркістан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кентау қаласының тұрғыны екі өгей қызына зорлық көрсеткен деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына қыздардың туысы 2025 жылдың желтоқсан айында арызданған. Алдын ала деректерге сәйкес, қылмыс шамамен бес жыл бұрын жасалған. Сол уақытта екі қыз да кәмелетке толмаған болған.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті өгей әке ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазіргі таңда жәбірленуші қыздар аналарының қасында. Оларға қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеуді жалғастыруда.

Барлық жаңалық