Қоғам

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол осыған дейін Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметін атқарған.

Ал Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Барлық жаңалық