Жаңалықтар

Қазақстанда қарттар күніне орай бір реттік төлемақы беріледі

Қазақстанда қарттар күніне орай бір реттік төлемақы беріледі

Қазақстанда Қарттар күні жыл сайын 1 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайдыozgeris.info сайты. Бұл күні зейнеткерлерге көрсетілетін қолдау өңірлерде әртүрлі:

 

  • Астана – 2,5 АЕК (9 830 тг) бір реттік төлем, шамамен 100 мың адам қамтылады.
  • Алматы – біржолғы төлем жоқ, бірақ 13 әлеуметтік қызмет ұсынылады.
  • Шымкент – 70 жастан асқандарға 3 АЕК (11 796 тг), 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2 АЕК (7 864 тг).
  • Атырау облысы – мүгедектігі бар зейнеткерлерге 7,5 АЕК (29 490 тг), сондай-ақ шипажайда емдеу қолдауы.
  • Ақтөбе облысы – арнайы төлем жоқ, тек мерекелік шаралар өтеді.
  • Қарағанды облысы – 1 млрд тг бөлінген, 70 жастан асқандарға 10–20 мың тг, қосымша азық-түлік пен шаралар ұйымдастырылады.

 

 

Жалпы, қолдау көлемі әр өңірдің бюджетіне байланысты. Нақты тәртіпті тұрғындар жергілікті әкімдіктен немесе әлеуметтік қорғау бөлімінен біле алады.

Барлық жаңалық