💰 Экономика

Қазақстанда өсімдік майы өндірісі 24%-ға артты

Қазақстанда майлы дақылдарды өңдеу көлемі өсіп, соның нәтижесінде өсімдік майының өндірісі айтарлықтай ұлғайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–шілде аралығында өндіріс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артып, 420,5 мың тоннадан 521,2 мың тоннаға жетті. Оның ішінде күнбағыс майы 457,7 мың тонна болып, бір жылда 24,5%-ға көбейді, деп жазады Ozgeris.info.

2024 жылы елімізде жалпы 753 мың тонна өсімдік майы өндірілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Күнбағыс майын өндіру көрсеткіші де 18,3%-ға өскен.

Министрліктің дерегінше, бүгінде елде жылына 4,7 млн тонна майлы дақыл тұқымын өңдей алатын 88 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Үкімет олардың өндірістік жүктемесін арттыруды жоспарлап отыр.

Экспорт та өсіп келеді. 2024 жылы өсімдік майларын сыртқы нарыққа шығару көлемі 29%-ға артқан. Әсіресе Қытайға (+42,4%), Өзбекстанға (+35,4%), Тәжікстанға (+12,7%), Ауғанстанға (+3,2%), Қырғызстанға (+1,4%), сондай-ақ Латвия мен Түрікменстанға (+1,8%) жеткізілімдер көбейген.

Барлық жаңалық