“Қазгидромет” мамандары алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыстан ығысқан циклонның әсері сақталады. Соның салдарынан күн бұлтты болып, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Тәуліктің күндізгі уақытында бұршақ жаууы мен желдің екпінді күшеюі ықтимал деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
19 тамызда – батыс пен шығыста, 20-21 тамызда – солтүстік-батыста, ал 21 тамызда – елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде, керісінше, антициклон ықпалынан ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республика аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы мезгілдерде тұман түсуі мүмкін.
Температуралық көрсеткіштерге тоқталсақ:
- Солтүстікте түнде +10…+17°С, күндіз +17…+25°С;
- Шығыста түнде +5…+15°С, күндіз +22…+29°С;
- Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.