Танымал өнер жұлдыздары Ерке Есмахан мен Райм өмірлеріндегі ерекше күнді атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Олардың шаңырақ көтергендеріне 3 жыл болған.
Атаулы мерекені жас жұбайлар Мальдив аралдарында, мұхиттың жағасында атап өткен.
"19-қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Нәтижесі - бақытты біз және 3 ұл.
Бәрін хайырлы етіп бұйырған Аллаға сансыз шүкіршілік айтамыз.
Мальдив аралында, мұхиттың жағасында атап өттік", - деп жазды Ерке Есмахан.
Ал желі қолданушылары жұпқа тек бақыт тіледі.
"Бақыттарың баянды болсын", "Қандай әдемі жұп", "Бізге жұғысты болсын", - деп жазды оқырмандар.