🌐 Әлем

Қазақстан мен Армения арасындағы сапар жаңа ережелермен жеңілдеді

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапары мен елде болу тәртібі туралы келісімді ратификациялап, заңды Сенатқа жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Елде 30 күннен артық болған жағдайда ішкі істер органдарына тіркелу міндеттеледі (қазір – 90 күн). Сондай-ақ 90 күннен кейін уақытша тұруға рұқсат алып, мерзімді ұзартуға мүмкіндік бар.

 

Армения азаматтары да Қазақстанға жеке куәлікпен кіре алады. Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, бұл шара сапарды жеңілдетіп, құжат рәсімдеу шығындарын азайтады.

Барлық жаңалық