Қазақстан 2026 жылдан бастап Германияға жөнелтетін мұнай көлемін 30 пайызға арттырмақ. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов пен Rosneft Deutschland компаниясының директоры Йоханес Бремер кездесуінде айтылды.
Тараптар мұнай тасымалы мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, келісімшартты 2026 жылдың соңына дейін ұзартты. Енді ай сайынғы жеткізу көлемі 100 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін өседі. Мұнай «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ресурстарынан алынады.
2024 жылы Германияға алғаш рет Қарашығанақтан мұнай жөнелтілсе, 2025 жылы «Тенгизшевройл» өндірген мұнай экспорттала бастады.
Биылғы тоғыз айда Қазақстан Германияның Шведт қаласындағы зауытқа шамамен 1,5 млн тонна мұнай жеткізген.