Әлеуметтік желіде АҚШ-тың Флорида штатындағы белгі тақтасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.kz.
Белгі тақтасында:«Қараусыз қалған балалар Қытай немесе Қазақстандағы цирктерге сатылады», - деп жазылған.
Көпшілік бұл белгі тақтасына қатысты түрлі пікір жазып жатыр.
«Бұл күлкілі көрінеді, бірақ бұл Қазақстанның Қытай сияқты адам мүшелерін, оның ішінде балаларды сату бойынша негізгі донор елдердің бірі екендігіне сілтеме», - деп жазып жатыр көпшілік.