Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғап, оған халықаралық іздеу жариялады, деп хабарайды ozgeris.info сайты.
Арнайы қызмет өкілдері кәсіпкерге террористік әрекеттерге ықпал етті деген ауыр айып тағып отыр. Олардың пайымдауынша, мессенджер әкімшілігі Украинаның арнайы қызметтері, сондай-ақ лаңкестік және экстремистік ұйымдар белсенді қолданатын сан алуан арналар мен боттарды өшіруден бас тартқан. Ведомство өкілдері аталған ресурстар бейбіт тұрғындарды жаппай жою мен кибер-алаяқтық әрекеттерді ұйымдастыруға пайдаланылды деп есептейді.
Бұдан бөлек, ресейлік құзырлы орган Украина тарапы Telegram желісіндегі танымал боттардың бірі арқылы Ресей азаматтарын диверсиялық істерге тартқанын мәлімдеді.