Жаңалықтар

Өскемен тұрғыны аялдамада жан тапсырды

Өскемен тұрғыны аялдамада жан тапсырды

Өскемен қаласында Шәкәрім даңғылындағы трамвай аялдамаларының бірінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері «102» арнасына 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де хабарлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, 1970 жылы туған ер адам қоғамдық көлік аялдамасында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен көз жұмған.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.

Барлық жаңалық