Қоғам

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін біртіндеп арттыруға келісті

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін біртіндеп арттыруға келісті

Қазақстанды қоса алғанда, ОПЕК+ ұйымына мүше сегіз ел 2026 жылдың сәуір айынан бастап мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті. Бұл шешім 1 наурыз күні өткен виртуалды кездесуде қабылданған.

Жоспарға сәйкес, мұнай өндіру көлемі ай сайын тәулігіне шамамен 206 мың баррельге өсіп отырады. Мұндай қадам 2023 жылы енгізілген тәулігіне 1,65 млн баррель көлеміндегі ерікті шектеулерді біртіндеп қысқартумен байланысты.

Қазақстан үшін сәуір айындағы жоспарланған мұнай өндіру көлемі тәулігіне шамамен 1,579 млн баррельді құрайды. Алайда бұл көрсеткіш нарықтағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Барлық жаңалық