Шоу-бизнес
«Өмірім 180 градусқа өзгерді»: 17 жыл бойы ел алдына шықпаған Сандуғаш Стамғазиева қазір қайда
09.02.2025
714
2000 жылдары халықтың ең сүйікті әншілерінің бірі болған, Мейрамбек Беспаевпен бірге орындаған әндері кеңінен таралған белгілі орындаушы Сандуғаш Стамғазиева "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, қазір немен айналысатынын, сахнадан неге алыстап кеткенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қоштасудың қиыны-ай", "Сен болмасаң" әндері арқылы көптің сүйіспеншіліген бөленген Сандуғаш Стамғазиева 17 жылдан соң сұхбат беріп, жеке өмірі және шығармашылығы туралы айтып берді. Әншінің айтуынша, бірнеше жыл бойы бала тәрбиесімен айналысқандықтан, үйде отырып қалған. Оның сахнадан алыстап кетуінің басты себебі де осы.
"Өмірім 180 градусқа өзгереді деп мен өзім ойлаған жоқпын. Бірақ дүниеге бала алып келгеннен кейін балаға жақсы тәрбие беру керек, үйде отыру керек. Екі қыз бала менде, ұл бала болса бір жөн. Қыз балаға жақсылап қарау керек. Қыздарым жиі ауыратын, сосын үйде отыруға тура келді", - деді ол.
Қазіргі таңда Сандуғаш Стамғазиева мен оның жары Алтынбек Қоразбаевтың қыздарының жасы 20-да және 18-де. Екеуі өнерден алыс емес, екі қызы да ән айтады, дейді Сандуғаш. Сұқбат барысында әнші әндері хит болған кездерді де еске алды.
"Мейрамбек екеуімізде той көп болды ол кезде. Кейде шатасып кетіп, тойға бармай қалған кездеріміз де болған. Аллаға шүкір, сол тойдың арқасында, халықтың арқасында, әнімізді айтып жүріп, жағдайымызды жасадық. Қазір әншілерді айтасыздар ғой, байсыздар деп. Сіздердің арқаларыңызда баймыз біз. Екі жылда үй алдым, бала кезімнен арманым еді. Алматының Таугүл деген жерінен ойып тұрып үй алдым. Үйімді алып, өніп-өстім. Құдайға шүкір", - дейді әнші.
Бүгінде Сандуғаш Стамғазиева әншілікпен айналыспаса да, өнер жолында шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұстаздыққа бет бұруына да шығармашылығындағы тоқырау әсер еткен.
"Мен баламен отырған уақытта "біздің концертімізде адам толып кетті, концертімізге әніңіз келмейтін сияқты" деген сияқты сылтаулар болды. Өзім ойланып, "бұлай болмайды, қашанғы алақан жайып отыруым керек" дедім. Сол кезде шәкірт тәрбиелеп, ұстаздыққа бет бұрып кеттім. Ұстаздыққа бет бұруыма осы жағдай әсер етті", - дейді ол.
-
«Ақшаның артынан кетті»: Олжас Абайдың экс-әйелімен түскен видеосы тарады18:00, 24 қазан 2026
-
Белгілі заңгер Ғабит Өмірбек өмірден өтті17:00, 24 қазан 2026
-
-
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылды15:00, 24 қазан 2026
-
Атырауда департамент басшысының мәйіті өз пәтерінен табылды14:00, 24 қазан 2026
-
«Еңбектегені үшін»: Төреғали Төреәлі қызының дәрігеріне бір миллион теңге берді12:20, 24 қазан 2026
-
-
«Сөзім үшін кешірім сұрамаймын»: Бақыт Тұрманның үндеуі көптің ашуына тиді10:00, 24 қазан 2026
-
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 486 мың теңгеден асты09:00, 24 қазан 2026
-
-
Белгілі заңгер Ғабит Өмірбек өмірден өтті17:00, 24 қазан 2026
-
«Ақшаның артынан кетті»: Олжас Абайдың экс-әйелімен түскен видеосы тарады18:00, 24 қазан 2026
-
«Сөзім үшін кешірім сұрамаймын»: Бақыт Тұрманның үндеуі көптің ашуына тиді10:00, 24 қазан 2026
-
«Еңбектегені үшін»: Төреғали Төреәлі қызының дәрігеріне бір миллион теңге берді12:20, 24 қазан 2026
-
-
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейстері ашылды15:00, 24 қазан 2026
-
-
Атырауда департамент басшысының мәйіті өз пәтерінен табылды14:00, 24 қазан 2026
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026
-
«Шайтан сияқты қайта шығыпты»: істі болған Сабыржан асаба тойда көзге түсті13:46, 19 қазан 2026
-
-
«Мені 15 жыл материал қылды»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен кешірім талап етті10:41, 20 қазан 2026
-
«Ажардың ащы зары қосылды»: Роза Әлқожа Оразалыны жоқтаған жыр туралы жазды13:18, 19 қазан 2026
-
-
«Көз алдымда өлтіріп кетті»: Ердос Қанаев тағы да жоқтап қалды16:13, 21 қазан 2026
-
«Адамдардың ойын оқимын»: Атхамбек Юлдашев не құдыреті барын айтты12:37, 20 қазан 2026
-
-
«Бағлан бауырым Раббысына қайтты»: Ердос Қанаев жантүршігерлік жаңалық айтты17:32, 19 қазан 2026
-
«Анасы онкологиямен ауырады»: Қаза тапқан сарбаз Алмастың отбасы ауыр жағдайда13:51, 27 қыркүйек 2026
-
«Ақтауға барғанына бір ай ғана болған»: Түркістандық лейтенант туралы не белгілі13:24, 26 қыркүйек 2026
-
«Формадағы солдат суда тұр»: Көріпкел Каспийдегі жайтты алдын ала болжаған09:36, 28 қыркүйек 2026
-
«Баламның ішінде өкініш бар»: Аман қалған сарбаздың анасы жазбасымен елді жылатты11:39, 26 қыркүйек 2026
-
«Биыл қатыным өлді»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойдағы мәлімдемесі жұртты шошытты08:41, 01 қазан 2026
-
«Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болады»: Нұрлан имам қара жамылғандарға басу айтты11:57, 26 қыркүйек 2026
-
-
-
«Самолетімізді сатамыз»: Жазира Байырбекова ақшадан қиналғанын айтты14:30, 19 қазан 2026