Қоғам

«Өмірге көзқарасым өзгерді»: Бақытжан Базарбек ағынан жарылдЫ

«Өмірге көзқарасым өзгерді»: Бақытжан Базарбек ағынан жарылдЫ

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі жазбасында Нұржігітпен болған жол-көлік оқиғасы оның өмірге және адамдарға деген көзқарасын өзгерткенін айтты,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның сөзінше, Нұржігіттің ұзақ уақыт ем қабылдауы және жақындарының қолдауы оны бір отбасыдай жақындастырған. Базарбек Құлан мен Тараздағы ауруханалардың табалдырығын тоздырғанын да жазды.

«Қиын сәтте кімнің туыс, кімнің дос екені анық көрінеді. Бірі алыстан арнайы келсе, бірі жылдар бойы араласса да хабарласпады», – деді экс-депутат.

Бақытжан Базарбек Нұржігіттің өмірі үшін күрескен дәрігерлерге алғысын білдіріп, халықтың дұғасы мен қолдауы үлкен күш бергенін атап өтті.

Айтуынша, Нұржігіт оянған сәтте дәрігердің «Бәке, сүйінші! Нұржігіт оянды!» деген сөзін естігенде, көзіне жас келген.

«Бүгін түсінгенім: мансап өтеді, ал халықтың сенімі мен адамдық қарым-қатынас қалады», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Барлық жаңалық