Жаңалықтар

Олжас Сүлейменов 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Олжас Сүлейменов 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 2026 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бұл бастаманы Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы көтеріп, ақынның кандидатурасын ресми түрде қолдап отырғанын мәлімдеді.

 

Партия жетекшісі өз мәлімдемесінде Олжас Сүлейменовтің ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстағы тарихи рөліне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Сүлейменовтің көпжылдық қоғамдық қызметі мен бейбітшілік жолындағы күресі Нобель бейбітшілік сыйлығының негізгі талаптары мен құндылықтарына толық сәйкес келеді.

 

Атап айтқанда, Олжас Сүлейменов ХХ ғасырдың соңында әлемдік қауымдастықтың назарын Семей ядролық полигонының қасіретіне аударып, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысын құрған тұлға ретінде тарихта қалды. Бұл қозғалыс ядролық сынақтарды тоқтатуға, адамзаттың қауіпсіз болашағы үшін күресуге зор үлес қосты.

 

«Байтақ» партиясының пікірінше, Олжас Сүлейменовтің ядролық қарусыздану, экология және бейбітшілік бағытындағы еңбегі тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Сондықтан оның Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылуы – әділетті әрі орынды шешім.

 

Айта кетейік, Олжас Сүлейменов — тек ақын ғана емес, халықаралық деңгейде танылған ойшыл, мәдениетаралық диалог пен жаһандық қауіпсіздікті насихаттаған қоғам қайраткері ретінде де белгілі.

Барлық жаңалық