Танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаев артық салмақтан арылу үшін түрлі әдісті қолданып көргенін айтып, қытай таблеткаларының зияны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның сөзінше, шоу-бизнес өкілдерінің арасында арықтау мақсатында осындай әдістерге жүгініп, өмірден өткен адамдар бар. Бұл туралы ол «Не дейді?» бағдарламасында айтты.
«Шоу-бизнесте қытай таблеткаларын жылдар бойы қолданған бір танымал адам бар еді. Оның ажалы дәл осы қытай таблеткасынан болды. Шоу-бизнесте тағы да бір қайғылы оқиға болды. Осыдан екі жыл бұрын мен өзім жақсы таныс, араласатын адам қайтыс болды. Қазір адамдар оңай жолды іздейді ғой. Ол “резекция желудка”, яғни асқазанды кішірейту отасын жасатқан болатын. Сол асқазанды кішірейтудің кесірінен, жасы 50-ге де жетпей, ол адам өмірден озды», — деді журналист.