2026 жылғы 9 қазанда Бішкекте Қазақстан Энергетика министрлігі мен «Газпром» компаниясының Бірлескен үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кездесуде тараптар газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту, газбен жабдықтау сенімділігін арттыру және жерасты газ қоймаларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ табиғи газды көлік отыны ретінде және өнеркәсіпте пайдалану, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту бағыттары қаралды.
Қазақстанның солтүстік өңірлері мен Астананы газбен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осы мақсатта газ тасымалдау қуаттарын дамыту мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, «Газпром Кыргызстан» ЖШҚ мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.