Қоғам

Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті

Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті

Павлодардағы теміржол вокзалында пойыз басып кеткен ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, вокзал аумағында жүрген азаматты пойыз қағып, салдарынан оның бір аяғы кесіліп кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам дәрігерлердің бақылауында болғанымен, 8 қазанда ауруханада қайтыс болды.

Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 

Барлық жаңалық