Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университеті студентінің жатақханадан табылған мәйітіне байланысты пікір білдірді. Бұл жайында ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі таңда бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
– Тергеу жүріп жатқандықтан, іс материалдары жария етілмейді. Біз бұл істе құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, – деді Саясат Нұрбек.
Оқиғаның студенттер арасындағы жанжал салдарынан болуы мүмкін екені жөнінде қойылған сұраққа министр нақты жауап беруден бас тартты.
– Бұл мәселеге қатысты қосымша мәлімет беруді полиция департаменті өз құзыреті аясында жүргізетін болады. Солай келістік, – деп қысқа қайырды министр.