Шоу-бизнес

"Мынауы енді жабайылық": Ләйлә Сұлтанқызының қонағына қойған сұрағы талқыға түсті

"Мынауы енді жабайылық": Ләйлә Сұлтанқызының қонағына қойған сұрағы талқыға түсті

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Threads қолданушысы жүргізушінің кәсібилігіне көңілі толмай, жазба жариялаған. 

"Құрметті Ләйлә ханым, телевидение саласында жүргеніңізге 25 жылдан астам уақыт өтті, әлі күнге дейін қонаққа қандай сұрақ қою керек екенін білмейсіз, анаңыз сондай сұрақ оқитынын білдіңіз ғой, алдын ала келісіп алуға болмады ма? Адамның өткен өмірін неге қозғайсыздар? Өткен зат өтті, кетті, болды, Абайдың намысына тиеді деп ойламайсыз ба? Қайда журналистік этика? Сізге де өткенді қазбалап "Өз Ойым" бағдарламасындағы оқиға туралы сұрақ қойса қалай қарайсыз? Бұл өмірде кім қателеспейді?", - деп жазды ол. 
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 
 
"Мынауы енді тым жабайылық", "Үлкен кісі осындай сұрақ қоя ма", "Бұған ес кірмейді", "Ләйләні суқаным сүймейді", деді олар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалық