Қазыбек ИСА
🏛️ Саясат
Мемлекеттік тілді міндеттеу - Мемлекеттің міндеті! - Қазыбек ИСА
15.02.2022
177
“Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді”-деген сөз - “Қазақ Елі Рухани Тәуелсіздік алмаған, бәрі тек қағаз жүзінде ғана” деген сөз!
Ресей елшісі Еліміздегі мемлекеттік тіліміздің ауыр халын әлемге әшкерелеп берді.
Жақында Ресейдің Қазақстандағы Елшісі А.Н.Бородавкин “Независимая газета” басылымына арнайы сұхбат берді.
Елші сұхбатының соңында Қазақстандағы қазақ тілінің мүшкіл халін, ғалымдардың латын қаріпіне көшуде әлі бір байламға келе алмай жүргенін айтады.
«Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді. Тіпті көбі жаңылмай және грамматикалық қателерсіз қолданып жүр. Орыс тілінің ресми мәртебесі Қазақстан Конституциясында бекітілген. Бұған ешкім өзгеріс енгізгелі жатқан жоқ. Оның үстіне орыс тілін білу Қазақстанда артықшылық ретінде қарастырылады. Мысалы, орыс тілін білмейтіндерінің білікті жұмысқа тұруы қиын», – деді ол.
Ресей елшісі шынын айтар болсақ, ащы шындықты ашып айтып, еліміздегі қазақ тілінің жағдайы әлі реанимациядан шыға алмай жатқанын әлемге әшкерелеп берді.
1.Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да, еліміздегі жағдай Кеңес империясының отары кезіндегімізден түк те өзгермегені, қайта тіл мәселесінде кері кеткенін;
2. Әлемдегі әрбір отарлық құлдықтан құтылған елдер жасайтын отарсыздану, ұлттық идеологияны ұстану жолында біздің елде 30 жылда түк те істелмегенін;
3.Біздің биліктің 30 жыл бойы “Тәуелсіз ел ретінде ұлттық мүддемізді қорғауда, мемлекеттік тілді дамытуда бәрін қатырып жатырмыз” деп 100 пайыз өтірік айтып келгенін әшкерелеп берді.
Ресей елшісінің Ресей үшін әрине, мақтаныш ретінде, біздің орысқұл билік пен орысқұл интеллигенция үшін әлі күнге жетістік ретінде саналған бұл орыс тілінің артықшылықтары - Тәуелсіз ел үшін масқара кемшіліктер!
Негізі Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, бізде орыс тілін білу билік лауазымдары мен мемлекеттік қызметтерге тұру үшін артықшылықтар болмауы тиіс еді.
Бізде 30 жылда өсіп-өнген, өмірге келген жастар бір кезде өзін отарлап алған елдің тілін - Ресей тілін білмеуі тиіс-тұғын…. Міне, сонда “Шын Тәуелсіздік алғанбыз” деп мақтануға болады.
Шын тәуелсіздік алған туыс елдер Өзбекстан, Әзңрбайжан, Түркіменстан, анау Балтық бойы елдері Литва, Латыш, Эстония, Кап тауындағы Грузия, Армения елдерінде, Украина болса да, солай, оларда мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін біледі бәрі. Бізде де мемлекеттік тіл - қазақ тілі мен ағылшын тулін білуге тиіспіз. Бір кездегі отарлаушы ел Ресей тілін білуге тиісті емеспіз.
Орыс тілін мемлекет қаржысына, балабақшалар мен мектептерде, ЖОО-ларда міндетті оқытумен емес, әркім өз қалауынша, өз қаржысына үйренуі керек!
Яғни, “Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді”-деген сөз - “Қазақ Елі Рухани Тәуелсіздік алмаған, бәрі тек қағаз жүзінде ғана” деген сөз!
Отыз жыл бойы зарлап келе жатқан зарымыз, енді кеше ғана қаңтар қырғынында көшеге пұл үшін ғана емес, тіл үшін де шыққан қазақ жастарының ереуілінен кейін туған “Жаңа Қазақстан” анық, шындығында да жаңа дәуірге аяқ басу болса, іс жүзіне асады деп сенеміз!
“Жаңа Қазақстан” ескі Қазақстанның саяси һәм рухани қателігін қайталамауы үшін, тек Мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс! Бір тіл болғанда ғана -Бір ел, Бір мүдде болатынын білу үшін аса көрегендіктің қажеті жоқ енді.
Басқаны қайдам, Ұлттық идеологияда босқа өткен бір дәуір -Отыз жылғы қылмысқа тең қателігіміз көрсетіп берген жоқ па бәрін!
2020 жылы Конституциядағы орыс тілі туралы 7-баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа жазылған Ұлт зиядыларының үшінші Ашық хатына
еліміздің әлемге әйгілі тарландары Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Қабдеш Жұмәділов, Өмірзақ Айтбаев, Мекемтас Мырзахметов, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Төлен Әбдік, Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Сәбит Досанов, Ғаббас Қабышев, Темірхан Медетбек, Бексұлтан Нұржекеев, Исраил Сапарбай, Ұлықбек Есдәулет және т.б. бастаған ұлт зиялылары қол қойды.
Бұл Ашық хатқа «Қазақ үні» ұлттық порталында бүгінде 126 мыңнан астам адам қол қойып, қолдап, бұрынғы межелерден 1000 еседей көп тарихи рекордтық деңгейге жетіп отыр.
Ұлт мүддесі үшін бұрын мұншалықты қалың қол жиналған емес. Бұлар тек интернетке қолы жеткендер ғана.
Бұл біржарым айда ғана 125 мыңнан асқан Ел патриоттары артында смартфон пайдалана алмайтын миллиондаған халық тұрғаны айқын. Бұл қалың қол ішінде тек қазақтар ғана емес, әртүрлі ұлт өкілдері де (50-ге жуық) жеткілікті.
Белгілі журналист, қоғам қайраткері Максим Рожин бастаған көптеген орыс ұлты өкілдері де Мемлекеттік тілді талап еткен Ашық хатты қолдап, қол қойып, нағыз отаншыл патриоттықтарын көрсетті.
Енді ел тағы да талай жыл алдауға көнбейді!
2011 жылы, бұдан 11 жыл бұрын, Конституциядан 7 баптың 2-тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды талап етіп, Президентке жазылған алғашқы әйгілі 138-дің хаты кезінде, ақиық ақын Мұқтар Шахан бастап, “Сарыарқа” кинотеатры жанындағы алаңға митингіге шыққанда айтқан сөзімізді, өлең жолдарын тағы да қайталаймыз:
“Ақорда ешнәрсе шешпесе,
Алаңда шешілер барлығы!”
Өзі де солай болған жоқ па кеше?!.
Яғни, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау күн тәртібіндегі күннен-күнге күшейіп келе жатқан ең басты өзекті мәселе болып тұр.
Кең байтақ жерінде өзі аз қазақтың әрқайсысын сақтау үшін, Қазақтың мәселесін Қазақ билігі өзі шешуі тиіс!
Мемлекеттік тілді міндеттеу - Мемлекеттің міндеті!
-
-
"250 мың доллар": Михаил Шайдоровқа Олимпиададағы жеңісі үшін сыйақы төленді17:38, 18 маусым 2026
-
Айтыскер Салтанат Өтелбаеваның қазасына қатысты адам шошырлық ақпар шықты17:17, 18 маусым 2026
-
"Ұятсыз...": Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға қалай тигенін айтты (ВИДЕО)17:00, 18 маусым 2026
-
Астанада бірнеше жасөспірім алапат өрттің себепшісі болды16:31, 18 маусым 2026
-
-
В ЗКО осудили бухгалтера за растрату свыше 9 млн тенге15:48, 18 маусым 2026
-
-
-
"Кеше ғана кішкентай еді": Мирас пен Құралай сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)15:20, 18 маусым 2026
-
"Құдай ақы, маған по*уй": блогер Ырысбаланың мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты09:44, 18 маусым 2026
-
Айтыскер Салтанат Өтелбаеваның қазасына қатысты адам шошырлық ақпар шықты17:17, 18 маусым 2026
-
"Әдиям аяқ-қолын бауырына алды": Сәкен Майғазиев немересін көрсетті (ВИДЕО)12:54, 18 маусым 2026
-
"Кеше ғана кішкентай еді": Мирас пен Құралай сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)15:20, 18 маусым 2026
-
"Ішіп алған ба?": Төреғали Төреәлінің "Қайрат" матчындағы әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)11:55, 18 маусым 2026
-
"Ұятсыз...": Жұлдыз Өмірғали отбасылы Айқынға қалай тигенін айтты (ВИДЕО)17:00, 18 маусым 2026
-
"Тартылып қалды": Алтынай Жорабаева бетімен алысып жүргенін айтты15:13, 18 маусым 2026
-
-
Астанада бірнеше жасөспірім алапат өрттің себепшісі болды16:31, 18 маусым 2026
-
"Боксшыларды текке шаршатады": Тұрсынғали Еділов федерацияны сынға алды00:00, 18 маусым 2026
-
"Заңғар Нұртаспен жаттым": Белгілі блогер тікелей эфирде сұмдық құпияларын ашты (ВИДЕО)09:00, 15 маусым 2026
-
"Өлгеннің артынан өлмек жоқ": Гүлзира Айдарбекова қиын жағдайға тап болды (ФОТО)14:31, 13 маусым 2026
-
"Жетіскен екенсіңдер": Еркеш Хасен 11 жас үлкен әйеліне сезімін білдірді(ВИДЕО)15:06, 11 маусым 2026
-
"Бишімбаевпен бірге жүр": Баян Мақсатқызы тағы да ел назарын өзіне аударды (ФОТО)11:46, 11 маусым 2026
-
"Әбден жыладым": Балжан Бидаш ішкі күйзелісімен бөлісті (ФОТО)16:00, 13 маусым 2026
-
"Сізден күтпедік!": Гүлзира Айдарбекованың құдағиы жұрттың ашуына тиді10:32, 11 маусым 2026
-
"Мені өлтіріп кетуі мүмкін": Блогер Джузефина тікелей эфирде дабыл қақты (ВИДЕО)14:30, 15 маусым 2026
-
"Көкірегіме күйік толған": Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегіне ота жасалды (ВИДЕО)10:18, 13 маусым 2026
-
"Аяғым ауыр екеніне қарамай зорлады": Қазақстандық әйелді қайын атасы қорлаған (ВИДЕО)13:43, 15 маусым 2026
-
"Жақсы көремін": атышулы блогер Заттыбек Көпбосынұлы туралы да айтты (ВИДЕО)16:49, 16 маусым 2026
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
“Байқаңдар!”: Тұрсынбектің тоқалы ашық сес көрсетті16:11, 26 мамыр 2026
-
-
-
-
"Заңғар Нұртаспен жаттым": Белгілі блогер тікелей эфирде сұмдық құпияларын ашты (ВИДЕО)09:00, 15 маусым 2026
-
"Қыдекем нашарлап кетті": Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО)09:42, 19 мамыр 2026