Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ көшбасшыларымен келіссөз жүргізу үшін «Еуропа» ғимаратына келді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ көшбасшыларымен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу үшін Брюссельдегі «Еуропа» ғимаратына келді.
Еуропалық кеңестің бас кеңсесінде Мемлекет басшысын ЕО-ның жоғары лауазымды тұлғалары ресми түрде қарсы алды. Күн тәртібінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті нығайту мәселелері тұр.