🏛️ Саясат

Мемлекет басшысы: Дамыған көлік логистикасы болмаса, күшті елдің өзі құрдымға кетеді

Мемлекет басшысы: Дамыған көлік логистикасы болмаса, күшті елдің өзі құрдымға кетеді

Үкімет логистика саласындағы жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады. Бұл туралы Құрылтай отырысында "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Ozgeris.info. 

"Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі. Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылатынын айтты.

"Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады. Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады. Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатқанын айтқан еді.




Барлық жаңалық