Қоғам

Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз – Президент

Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз – Президент

Қазақстанда жаңа әуежайлар салынып, Астанада тағы бір әуежайдың құрылысы басталады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Президенттің айтуынша, елімізде мұндай ауқымдағы бірнеше әуежайды бір уақытта салу тәжірибесі бұрын-соңды болмаған.

«Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін бірқатар маңызды міндетті орындау қажет екенін атап өтті.

Оның сөзінше, ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру керек.

«Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүкқұжаттар арқылы басқару – ақылға қонбайтын нәрсе. Бұл – тығырыққа апаратын ең қысқа жол», – деді ол.

 

Барлық жаңалық