Жаңалықтар

Машина жасау саласы өрлеп келеді: Қазақстан автоөнеркәсібі 30%-ға жуық өсті

Машина жасау саласы өрлеп келеді: Қазақстан автоөнеркәсібі 30%-ға жуық өсті

Отандық машина жасау саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бұл сала бірден 21,9%-ға өскен. Оның ішінде электр жабдықтарын өндіру (31,3%-ға өскен) және автомобиль жасау өнеркәсібі (29,6%-ға артқан) ерекше серпіліс көрсетіп отыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қазақстан автомобиль одағы (ҚАО) мен Ұлттық статистика бюросының сарапшылары жаңа көліктер нарығы 14,4%-ға өскенін атап өтті. Сатылым көрсеткіші қатарынан екінші жыл 200 мыңнан асып, тарихи межеден асты. Бұл ретте сатылған көліктердің 69%-ы — отандық өндіріс өнімдері.

Саланы 22 жыл бойы тынбай дамытып келе жатқан Allur компаниясы көшбасшы автоөндіруші болып қала береді. Кәсіпорын Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda, Geely Galaxy және Li Auto сияқты танымал әлемдік брендтердің ресми дистрибьюторы әрі дилері саналады.

Сандар сөйлейді:

  • Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы зауыт 92 мыңнан астам көлік шығарған.

  • Allur компаниясының Қазақстан нарығындағы үлесі 54%-ды құрады.

Осы жылдың наурыз айында Allur автокөлік әуесқойларын тағы бір жағымды жаңалықпен қуантты. Отандық нарықта танымал MG (Morris Garages) маркалы автокөліктерін жергілікті өндіру және сату басталды.

Өндіріспен қатар инфрақұрылым да дамып келеді. Бүгінде Allur компаниясының дилерлік желісі Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей, Көкшетау және Ақтөбе қалаларындағы он орталықты қамтиды. Алайда компания мұнымен тоқтап қалмақ емес: жыл соңына дейін дилерлік желіні бүкіл Қазақстан бойынша 24 орталыққа дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Барлық жаңалық