Шоу-бизнес

«Күйеуінің үстіне мініп алған»: Динара Сәтжан Жұмабек Жанықұловпен түскен фотосын жариялады

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің “Instagram” парақшасында күйеуі Жұмабек Жанықұловпен құшақтасып отырған фотосуретті жариялады. Бұл сәт көпшіліктің назарын аударғанымен, әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

 

Желі қолданушыларының бір бөлігі суретті жылы қабылдап:

 

 «Сүйіспеншілік бар жерде бақыт та бар»,«Неткен керемет»,«Бақыттарыңыз баянды болсын»деп жазды.

 

Екінші бір бөлігі бұл фотоны:

 

«Тұрмыстық өмірді жариялаудың шектен шыққан үлгісі», «аздап асыра сілтелген»,«үстіне неге мініп алған», «жараспайды » деп сынға алды.

 

Кей пікірлерде журналистің жеке өмірін ашық көрсетуі әлеуметтік желілерде көпшілікті екіге бөлгені атап өтілді. Дегенмен, фотодағы жұбайлар арасындағы нәзік сәт олардың жанкүйерлерін де тәнті еткен.

 

Айта кетейік, бұған дейін Динараның Жұмабекке тұрмысқа шығуы әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан қатты сынға ұшыраған еді. Себебі, Жұмабек Жанықұлов бұған дейін үйленген және 5 баласы бар болған. 

Барлық жаңалық