Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Жанар Байсемізге берген сұхбатында жылап отырып бар шындығын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жеке өміріне қатысты жақ ашпай жүрген ол алғаш рет ажырасқандарын ашық мәлімдеді.
"Көңілдесі бар. Пәтер, көлік, бриллиант, қымбат шуба қазір барлығы соның үстінде. Маған өте ауыр, мен өлемін деймін, секіріп кетуге дайын болғам. Екеуі бірге шетелге барып келген, бұл тақырыптың басталғанына 14 жыл болды. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Суретке түссе, әкемізге жіберші дейді. Әкесіне ол сурет қызық та емес, оған жібере де алмаймыз. Өйткені ол бәрімізді бұғаттап тастаған. Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттерді сағынамын. Кездесейік деп жазамын, себебі оны сағынып тұрамын. Бірақ кешірім сұрап келген Тұрсынбек жоқ. Бір күні одан: не істейміз, ажырасамыз ба? деген хат келді", деп көзіне жас алды Мөлдір Мұқанова.
Жанар Байсеміз сұхбат барысында кейіпкеріне қосылып жылағанын жасырмады.
"Мөлдір Мұқанова, өзінің ішіндегі қара жәшікті ашты. Ешқашан айтпаймын деген сөздерін айтты. Ешкім аша алмайтын, ешқашан ашылмайтын қара жәшік - қара тас біржола тас-талқан болып сынды…", - деп жазды журналист.
Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовты жаппай кінәлап, оған байкот жариялау керегін жазуда.