Жаңалықтар

Компания директоры 25 миллион теңге жымқырған

Компания директоры 25 миллион теңге жымқырған

Компания директоры кассадан 25 миллион теңге ұрлаған, деп хабарлады Ozgeris.Info.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 сәуірде Көксу аудандық ПБ-ға акционерлік қоғамның өкілінен арыз түскен. Азамат аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткенін хабарлаған. Компания өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, қолма-қол ақша алып, ізін суытқан. Тексеру барысында 25 миллион теңгеден астам қаржының жетіспейтіні анықталды.
Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Жауап алу кезінде ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты, – деді Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.
Барлық жаңалық