Қоғам

«Жүрегімнің бір бөлшегі еді»: Танымал блогер қара жамылды

«Жүрегімнің бір бөлшегі еді»: Танымал блогер қара жамылды

Танымал блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова отбасындағы қайғылы жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол желідегі парақшасында әжесінің өмірден өткенін айтып, жүрекжарды жазба жариялады.  

«Бүгін сіздерге мен үшін өте ауыр жаңалықты жеткізгім келеді, әжем өмірден өтті. Ол бала күнімнен менің өмірімнің, балалық шағымның, отбасымның, жүрегімнің бір бөлігі болды. Оның енді қасымда жоқ екенін қабылдау маған өте қиын. Маған берген махаббаты, қамқорлығына ризамын. Естеліктер есімде мәңгі қалады», – деп жазды Эльмира Төлегенова.

Желі қолданушылары блогерге қайғыра көңіл айтып, қолдау сөздерін жазды. 

Айта кетейік, бұған дейін Эльмира Төлегенова күйеуі Ерболат Жанәбіловпен ажырасу процесінде екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғанын айтқан еді.

Барлық жаңалық