Қостанай облысы

Жітіқарада жабайы аңдар елді мекенге кіріп, тұрғындарды дүрліктірді

Жітіқарада жабайы аңдар елді мекенге кіріп, тұрғындарды дүрліктірді

Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, Жітіқара ауданында жабайы жануарлардың елді мекендер аумағында байқалуына байланысты акимат, прокуратура, полиция, ветеринарлық қызмет және аңшылар қоғамы өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын бастады деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

Прокуратураның мәліметінше, 6 қарашада жергілікті атқарушы орган халыққа қазақ және орыс тілдерінде ресми ақпарат таратып, қауіпсіздік шараларын түсіндірген.Оқиғаға себеп болған жағдай 22 қазанда тіркелген. “Эталон” ЖШС аумағында қауіпсіздік қызметінің қызметкері жабайы жануарды байқап, оны ұялы телефонына түсірмек болған. Әйел адам жақындап барғанда, жануар агрессия танытқан.

 

Зардап шеккен әйел Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізіліп, тексеруден өткен және вакцина салдырған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызу қажет болмаған.Кейін оқиға видеосы әйелдің келісімінсіз үшінші тұлғаларға беріліп, 5 қарашада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

 

Прокуратура мәліметінше, қазір 109 бірыңғай call-орталығы арқылы тұрғындардан жабайы жануарлардың көрінуіне қатысты хабарламалар қабылданып жатыр. 8 қарашадағы жағдай бойынша төрт тұрғынның осындай шағымы тіркеліп, бәрі уәкілетті органдардың бақылауына алынған.Билік өкілдері тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды көрген жағдайда байланыс орнатуға тырыспай, дереу 109 нөміріне хабарлауға шақырды.

Барлық жаңалық